Щучинск кезекті ірі халықаралық старттарды қабылдауға дайындалуда

13.06.23_05.jpg

 

Щучинск кезекті ірі халықаралық старттарды қабылдауға дайындалуда. Тура бір айдан кейін Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының трассаларында шаңғы роллерлерінде Әлем кубогы басталады.

Ал шаңғы жарысушылары жарыстарға белсенді түрде дайындалып, жинақталып жатқанда, ҚСТ ОДО базасында халықаралық старттарға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, мұнда стадион мен шаңғы-роликті трассалардың жабыны жаңартылуда. Арнайы жаңартатын, қалпына келтіретін, қорғаныс жабыны бірқатар артықшылықтарға ие. Су репеллентінің және аязға төзімділік қасиеттері бар. Жаңа жабын шаңғымен сырғанаушыға жолға жақсырақ жабысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңбырлы күні де сырғанауға ыңғайлы. Трассаларды жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның мамандары жаңа жабын кем дегенде 8-10 жылға қызмет жасайды деді.

Естеріңізге сала кетейік, шаңғы роллерлерінен Әлем кубогының бірінші кезеңі Щучинск қаласында 13-16 шілдеде өтеді. Жарыс шеңберінде спортшылар төрт жарыс түрінен, атап өтсек 1,4 км еркін жүріспен спринт, 200 метрге суперспринт, бөлек бастаудан 10 км еркін жүріспен жарыс және 16/20 км жаппай бастау классикалық жүріспен өнер көрсетеді.