Шаңғы жарысы бойынша ҚР Жастар командасының оқу-жаттығу жиыны аясында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының басшылығымен спортшылардың кездесуі өтті. Күн тәртібінде команданың жаңа құрамымен танысу, спортшылардың дене шынықтыру мәселелері және олардың халықаралық аренадағы мүмкіндіктері, шаңғышыларды шаңғыроллермен әлем кубогының қазақстандық кезеңіне және Кореядағы қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына дайындау жоспары талқыланды. - Халықаралық старттарға қатысу жақсы тәжірибе береді, - деп атап өтті ҚСТ ОДО шаңғы жарысы бойынша аға жаттықтырушы Олег Бушмакин. - Өткен маусымда жазғы жарыстарда белсенді өнер көрсеткеннен кейін, қыста балалар қорықпай стартқа шығып, лайықты нәтиже көрсетті.