Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншылары Кристина Титиевская, Полина Егорова және Алина Скрипкина ҚР ұлттық командасының құрамында Германияның Оберхоф қаласында оқу-жаттығу жиынында. Спортшыларды ату жаттығуларын әйгілі неміс жаттықтырушысы Геральд Хениг жүргізеді. Сондай-ақ, қазақстандық биатлоншылармен Беларусь жаттықтырушысы Владимир Королькевич жұмыс істейді. Биатлоннан ҚР әйелдер құрамасы қазіргі уақытта базалық жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Жазғы маусымның басталуымен спортшылар бірқатар сынақтардан өтті, олардың ішінде зертханалық, функционалдық-далалық және моторикалық-үйлестіру. Германияда биатлоншылардың оқу-жаттығу жиыны 21 маусымға дейін жалғасады. Содан кейін спортшылар Щучинск қаласында жазғы дайындықты жалғастырады.