Білім – жарық, ғылым – күш!

23.06.23_01.jpg

 

Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиыны аясында биатлоннан ҚР жастар құрамасының мүшелері «Спорттағы психология» және «Спортшылардың тамақтануы» тақырыптарында семинарларға қатысты. Семинарларда спорттық медицина және оңалту бағдарламасы бойынша Nazarbayev University магистратурасының студенттері Назгүл Рахаева мен Әлішер Мұратбеков дәріс оқыды. Іс-шара Қазақстан биатлоншылар одағының шақыруымен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Кездесуде спортшылар спорттық психология ғылымымен танысты, бұлшықеттердің прогрессивті релаксация техникасымен машықтанды, жаттығу және жарыс кезеңінде спортшылардың дұрыс тамақтануын таңдау туралы көп ақпарат алды. Биатлоншылар сонымен қатар стрессті жеңу және мәзірді таңдау тәжірибесімен бөлісті.