Парламент Мәжілісінің депутаттары спорт кешеніне барды

27.06.23_01.jpg

 

22 маусымда Көкшетау қаласында өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы аясында мәжілісмендер Ақмола облысының бірқатар нысандарын, оның ішінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасына келді. Экскурсия барысында депутаттар орталықтың спорт нысандарымен, тұру жағдайымен және спортшылардың жаттығу үдерісімен танысты.