ШАҢҒЫШЫЛАР ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖАТТЫҒАДЫ

04.07.23_01.jpg

Қысқа үзілістен кейін ҚР жастар шаңғы жарысы командасы Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті. Жаттығу жиыны спортшылары 3000 метрге жүгіру және күш гимнастикасында тестілеуден бастады.

ҚСТ ОДО шаңғы жарысы бойынша аға жаттықтырушысы Олег Бушмакин атап өткендей, спортшылардың нәтижелері өткен айдағы тестілеумен салыстырғанда жақсарды. Дамир Кабекесов мен Артем Завялов күш гимнастикасында ерекше көзге түсті. Барлық спортшылардың нәтижелері жалпы дене шынықтыру деңгейіндегі оң өзгерістерді көрсетеді. Щучинск қаласында шаңғы жарысушыларының оқу-жаттығу жиыны 18 шілдеге дейін жалғасады. Оқу-жаттығу жиыны шеңберінде спортшылар шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының I кезеңіне де қатысады.