Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында 8-9 шілдеде үстел теннисінен OLIMPBET - BURABAY OPEN ашық республикалық турнир өтті. Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай - ақ жақын шет елдерден келген 100-ге жуық спортшы қатысты-олардың арасында тәжірибелі теннисшілер де, әуесқойлар да болған. Турнир қорытындысы бойынша ресейліктер Иван Никулин мен Анна Тихомирова чемпион болып атанды. Тұғырдың екінші сатысында Ирисбек Артукметов (Шымкент қ.) және Динара Қапанова (Абай облысы). Ерлер мен әйелдер арасында екі үшінші орын болды. Қола жүлдегерлер қатарында Сағантай Құрмамбаев (ШҚО), Гилязов (Астана), Әлия Жанпейісова (Астана) және Мәлік Сандыбаева (Астана). Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің жүлде қоры 2 400 000 теңгені құрады.