Шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогы кезеңінің соңғы жарысы масс-старт болды. Жарыс 16 шілдеде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа әлемнің 8 елінен 140-қа жуық спортшы қатысты. Ерлер арасындағы жаппай старттың қорытындысы бойынша мәреге бірінші болып итальяндық Матео Танел келді. Екіншісі - қазақстандық Олжас Климин, үшіншісі - командадағы әріптесі Владислав Ковалев. Тұғырдағы әйелдерде швед Линн Семскар (Швеция) және қазақстандықтар Ангелина Шурыга мен Ксения Шалыгина бар. Жасөспірімдер тобында Дастан Калибеков жеңімпаз атанды. Сұлтан Базарбеков пен Артем Зявялов жарыстың жүлдегерлері. Жасөспірімдер арасында үштікті итальяндық Анна Мария Гиди, қазақстандықтар Елизавета Толмачева және Мария Геращенко құрады. Төрт старттың қорытындысы бойынша қазақстандық команда жеңіп алған медальдар саны бойынша бірінші орында. Еліміздің жалпы қоржынында - 27 марапат (4 «алтын», 13 «күміс» және 10 «қола»). Оның ішінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы спортшыларының есебінде 20 медаль бар. Щучинск қаласында шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының кезеңі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, ҚР Шаңғы спорты қауымдастығының, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының қолдауымен өтті. Шаңғымен сырғанаудан Әлем Кубогының келесі кезеңі тамыз айында Латвияда өтеді.