БИАТЛОННАН ҚР ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ БОРКИ КЕНТІНДЕ ӨТТІ

22.08.2023_01.jpg

 

Борки кентінде (Солтүстік Қазақстан облысы) 14-20 шілдеде Биатлоннан ҚР жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа 15-19 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты. Спортшылар спринтте, жеке жарыстарда және эстафеталарда бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының командасы иеленді. Екінші және үшінші орындарда Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Қысқы спорт түрлері олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Мария Польдяева, Алема Қарабаева, Екатерина Мусохранова, Эвелина Мезенцева, Мария Воробьева, Полина Подгорнова, Кирилл Федоров, Ильяс Хасенов, Евгений Литвинов, Илья Матыскин бар.