АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫ ӨТТІ

22.08.2023_06.jpg

 

2-3 тамызда Астанада Шаңғы жарысынан ҚР жазғы Кубогы өтті. Жарыс аясында спортшылар еркін жүріспен және классикалық стильде супер-спринтпен өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен 150-ден астам шаңғышы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 3 жас санатында анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары 17 марапатқа ие болды. Оның ішінде 6 бірінші орын, 5 екінші орын және 6 үшінші орын иегерлері болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Мария Геращенко, Сабина Сүлейменова, Мария Люфт, Милана Мамедова, Аружан Сабирова, Дастан Қалибеков, Сұлтан Базарбеков, Артем Завялов, Берік Боранбаев, Юрий Тумашев бар.