ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫНА ТАҒЫ БІР ҚОЛА АЛДЫ

22.08.2023_17.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышысы Мария Геращенко Латвияда өтіп жатқан шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшы суперспринтте жүлдеге қол жеткізді. Бұл қашықтықта үздік нәтижені латвиялық спортшы Линда Капаркалея көрсетті. Екіншісі итальяндық Анна Мария Гиди болды. Айта кету керек, қазіргі уақытта қазақстандық шаңғышылардың жалпы топтамасында роллерлі шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі жүлдесі бар. Старттың бірінші күні жекелей жарыста Сұлтан Базарбеков қола жүлдеге қол жеткізді. Чемпионаттың финалдық жарысы 20 тамызда өтеді. Спортшылар масс - стартта күреседі.