ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАРДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

20.08.2023_21.jpg

 

Қысқы спорт түрлері олимпиадалық даярлау орталығының фристайл-акробаттары Асылхан Асан, Максим Павлов және Роман Погосян Masters Freestyle FIS-2023 халықаралық жарыстарына қатысты. Жарыс 20 тамызда Швейцарияда өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар арасында Асылхан Асан үздік нәтиже көрсетті. Ол 13-ші орынды иеленді. Жарысқа Қазақстан, Канада, АҚШ, Украина, Швейцария және Чехия спортшылары қатысты.