ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА БИАТЛОННАН ЖАЗҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛАДЫ

03.09.23_01.jpg

 

30 тамызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Биатлоннан Азия чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Халықаралық жарыстарға Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және Оңтүстік Кореядан 130 спортшы қатысады. Чемпионатта үш жас тобы - ерлер/әйелдер, жасөспірімдер/жеткіншектер және ұлдар/қыздар арасында төрт пән бойынша медальдар ойналады. Биатлоннан Азия чемпионатының алғашқы басталуы ертең, 31 тамызда өтеді. Спортшылар жеке жарыстарда өнер көрсетеді. Щучинск қаласында халықаралық жарыстар 4 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстандық спортшыларды стадион трибуналарынан қолдауға келіңіздер. Кіру тегін!