Қазақстандық "қанатты" шаңғышылар Польшада өткен халықаралық жарыстарға қатысты

05.09.2023_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлері олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышысы Данил Васильев - BLACHOTRAPEZ PUCHAR TATR-2023 халықаралық жарыстарының қола жүлдегері. Илья Мизерных 4-ші орынға ие болды. Жарыс 2 қыркүйекте Закопане қаласында (Польша) өтті. Жарысқа Латвия, Қазақстан, Польша, Словакия және Украинадан 200-ден астам спортшы қатысты.