Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышысы Мария Геращенко Италияда шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды. Спортшы супер-спринтте жүлдеге қол жеткізді. Бұл қашықтықта үздік нәтижені латвиялық спортшы Линда Капаркалея көрсетті. Екіншісі итальяндық Анна Мария Гиди болды. Қазақстандық шаңғышы Елизавета Толмачева 9-шы орынды иеленді. Жасөспірімдер арасында Дастан Калибеков 5-ші орынды иеленді. Сұлтан Базарбеков - алтыншы орында. Артем Завялов 15-ші болды. Көшбасшылар үштігіне Джонатан Линдберг (Швеция), Сильвестрс Сваукстс (Латвия) және Алессандро Корради (Италия) кірді. Жарыс 9 қыркүйекте Валь-ди-Фьемме қаласында өтті. Жарысқа Германия, Греция, Италия, Қазақстан, Кения, Латвия, Лихтенштейн, Норвегия, Румыния, Словакия, Словения, Тайбэй, Украина, Швейцария, Швеция және Эстония өкілдері қатысты. 10 қыркүйекте шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының кезеңі соңғы жарысы өтеді. Спортшылар масс-стартта классикалық стильде өнер көрсетеді.