• skijump
  • skijump1
  • skijump2
  • skijump3
  • skijump4
  • skijump5

ТРАМПЛИН

Трамплиндер кешені – Қазақстандағы бірегей спорт нысаны. Екі еңісі бар мұнараның биіктігі (К-90 және К-125) 82 метр. Нысанның инфрақұрылымы әлем чемпионаттары мен біріншіліктерін өткізуге арналған. Спортшыларға барынша қолайлы жағдай жасалған. Кешен «қанатты» шаңғышыларды трамплинге жеткізуді қамтамасыз ететін аспалы жолмен жабдықталған. Сондай-ақ спортшыларға арналған жаттығу бөлмелері бар. Кешеннің жоғарғы жағында әдемі панорамалық көрініс ашатын бар орналасқан. Трамплиннің беткейлеріндегі жасанды төсеніш жылдың кез келген уақытында жарыстар мен жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді. Ал шаңғышыларды желден арнайы тостағандар мен жел өткізбейтін торлар қорғайды.