Медициналық-қалпына келтіру корпусы
Медициналық-қалпына келтіру корпусы
Медициналық-қалпына келтіру орталығы сауықтыру, оңалту бойынша қызметтер кешенін, сондай-ақ денсаулық пен сұлулықтың жаңа технологияларын ұсынады. Мұнда спортшылар құрама командалар дәрігерлерінің ұсынымдары мен нұсқаулары бойынша қалпына келтіру процедураларының толық кешенін алып, ағымдағы медециналық қараудан заманауи медициналық жабдықтан өте алады.
Медициналық-қалпына келтіру орталығы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуде:
- - хирургия;
- - терапия;
- - физиотерапия;
- - травматология;
- - қалпына келтіру медицинасы;
- - функционалдық диагностика;
- - клиникалық зертханалық диагностика.
Медициналық-қалпына келтіру орталығында тәулік бойы мейірбике бекеті, емшара, массаж және таңу кабинеттері жұмыс істейді. Сондай-ақ гидромассажды ванна, сауна, бассейн, емдік душ кабиналары бар.